Қазақстанда қандай ЖИ-мамандар тапшы - министрліктің есебі

Автор: Нұргүл Абай

Кадр тапшылығы әсіресе мемлекеттік секторда өткір байқалып отыр

Фото: pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елімізде жасанды интеллект, ML және деректерді талдау саласында маман тапшы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, цифрлық сервистерді дамыту және жасанды интеллектіні енгізу  үшін жоғары білікті кадрлар қажет. Олар:

  • Data Scientist пен ML-инженерлер — модельдерді әзірлеу және оқыту үшін;
  • деректер инженері (Data Engineer) — үлкен көлемдегі ақпаратты дайындау, сақтау және өңдеу үшін;
  • аналитиктер мен деректерді интерпретациялау мамандары — алынған инсайттарға сүйене отырып шешім қабылдау үшін;
  • этика саласындағы сарапшылар мен ЖИ-аудиторлар — модельдердегі тәуекелдер мен біржақтылықты бақылау үшін.

«Алайда бүгінде осы бағыттарда, әсіресе мемлекеттік секторда маман тапшылығы өткір байқалып отыр. Бұған басты себеп — бейінді білім беру бағдарламаларының жоқтығы, кадрлардың жекеменшік секторға және шетелге кетуі, жалақының төмендігі», - дейді Анафин Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.

Бұған дейін жасанды интеллект бір миллионнан астам қазақстандықтың жұмысын «тартып алуы» мүмкін екенін жаздық.