Қазақстан нарығына екі шетелдік банк кіруі мүмкін

Автор: Нұргүл Абай

Біреуі Бірікккен Араб Әмірліктерінің банкі

Фото: istockphoto.com

Қазақстан нарығына екі шетелдік банк кіргелі жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тағы екі банк Қазақстанның нарығына келуді қарастырып жатыр. Оның ішінде біреуі Біріккен Араб Әмірліктерінен «Абу-Даби коммерциялық банкі». Оның қазір тек қана исламдық кредит операцияларымен айналысатын банкі бар. Енді ол бізден әмбебап лицензия алып, осындай әмбебап банк ашайын деп жатыр», - деді Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қай банктер қарызын әлі қайтармағанын айтқан болатын.