Келесі жылдан бастап Тоқаевтың тапсырмаларына қажет ақша президент резервінен алынады

Автор: Нұргүл Абай

Келесі жылға 230 млрд теңге қарастырылған

Фото: istockphoto.com

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин келесі жылдан бастап мемлекет басшысының жолдауына және тағы басқа тапсырмаларына президент резервінен қаражат алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Негізі, биылдан бастап Бюджет кодексінде президент резерві қарастырылған. Шамамен 230 миллиард теңге көзделген. Яғни бұл – мемлекет басшысының жолдауын, басқа да тапсырмаларын, өңірлерге сапарларын жүзеге асыруға арналған қаражат. Егер мұндай қажеттіліктер туындаса, бұл қаражат тікелей қолданылады», - деді Әмрин республикалық бюджет жобасының презентациясынан кейін.

Вице-министр президент резервінде келесі жылға қаражат алдын ала қарастырылып қойғанын атап өтті.

«Биыл біз жаңа Бюджет кодексін қабылдадық. Енді ол келесі жылдан бастап жобада көрініс табады. Келер жылдан бастап іске қосылады», - деді ол.