11.09.2025, 17:26
Экономика
Үкімет іссапарлар мен семинар-конференцияларды қысқартып, 68 млрд теңге үнемдеді
Ағымдағы шығыстар қайта қаралған
Фото: istockphoto.com
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы ағымдағы шығыстарды қайта қарап, қысқартқанның арқасында 68 миллиард теңге үнемделгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз ағымдағы шығыстарды қысқарттық. Яғни іссапарларды, конференциялар мен семинарларды азайттық. Ғимараттарды жалға алу, көлік, байланыс қызметтерінің шығыны және тағы басқаларды қайта қарастырдық, қайталанған позицияларды алып тастадық. Нәтижесінде 68 млрд теңге үнемделді», - деді ол республикалық бюджет жобасының презентациясынан кейін.
Айта кетері, республикалық бюджет туралы заң жобасында шығыстар 2026 жылы – 27,7 трлн теңге, 2027 жылы – 28,8 трлн теңге, 2028 жылы – 29,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті