Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрады
Бүгін, 18 маусымда ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы өтті, оған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
«Нұрлан Ноғаев мамыр айында ОПЕК + келісімі аясында Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрағанын атап өтті. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады, ол – саланың инерттілігіне байланысты. Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады», - делінген хабарламада.
Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.