$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда бір доллардың құны 550 теңгеден асты

Валюта бағамы қайтадан өсіп жатыр

Қазақстанда бір доллардың құны 550 теңгеден асты
Фото: © freepik.com

Бүгін, 30 шілде күні Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар 550 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазір Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы – 547,58 теңге, сату бағамы – 550,15 теңге. Ал Астана қаласында долларды орта есеппен 543,26 теңгеге сатып алып, 550,26 теңгеге сатып жатыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 шілдеге белгіленген ресми доллар бағамы – 542,03 теңге.

Еске сала кетейік, шілденің 21-і күні күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,89 теңгеге төмендеген, ал 22 шілдеде 2,37 теңгеге, 23 шілдеде 6,21 теңгеге, 24 шілдеде 3,29 теңгеге, 25 шілдеде 2,79 теңгеге көтерілген. 28 шілдеде доллар бағамы 3,5 теңгеге төмендеп, 29 шілдеде 0,11 теңгеге өскен.

Серіктес жаңалықтары