Өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап емделуге немесе тұрғын үй алу үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алғысы келген азаматтар табыс салығынан босайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босайды», - деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазір қолданыстағы заңға сай емделу үшін немесе ипотекасын зейнетақы қорындағы артық ақшасынан төлегісі келген азаматтар 10 пайыз салық төлейді.
«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуға тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге шегерілген жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылады. Алайда, бұған дейін бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды», - деп хабарлайды Қор.