27.06.2025, 09:55
Экономика
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құны 14 млрд доллар болуы мүмкін
Алғашқы АЭС Алматы облысында салынады
Фото: pixabay
Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елімізде салынатын атом электр станциясының болжамды құнын атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, АЭС құны техникалық-экономикалық негіздеме аясында анықталады.
«Конкурстық процедураларға қатысу аясында вендорлар ұсынған индикативті параметрлер бар. Біз қазір оны жария ете алмаймыз, себебі олар құпиялық туралы келісіммен қорғалған. Бірақ әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай станция кем дегенде 14 млрд доллар тұрады», - деді Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында.
Еліміздегі алғашқы АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді