Инфляция сәуірде 10,7%, наурызда 10% болған еді
Ұлттық статистика бюросы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,3% болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетері, инфляция сәуірде 10,7%, наурызда 10% болған еді.
2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (2025 жылғы сәуірде – 1,2%).
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жыл соңына дейін инфляция 10 пайыз деңгейінде болжанып отырғанын хабарлаған болатын.
«Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция 10 пайыз шамасында болады деп күтіп отырмыз», - деді Қасенов Үкіметте өткен брифингте.