Нысанға 153 млрд теңге тікелей инвестиция құйылады
Біріккен Араб Әмірліктерінің Terminals Holding компаниясы Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Арнайы экономикалық аймақ және оған іргелес аумақтарды кешенді түрде дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске қоспақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежайдың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, компания 2024 жылдың мамырында өз еншілес құрылымы — Terminals Astana Airport Limited арқылы әуежайды 25 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға алғанын ресми түрде хабарлады
2023 жылы әуежайды уақытша басқару кезінде жүргізілген жан-жақты аудит пен диагностика нәтижесінде нысанның стратегиялық әлеуеті анықталды. Қаржылық қиындықтарға қарамастан (2023 жылы шығын 14 млрд теңгеден асқан), әуежайда үлкен даму мүмкіндіктері бары дәлелденді.
Басқарудың алғашқы жылы-ақ (2024 ж.) 790 млн теңге кіріс әкеліп, жолаушылар ағыны 7,5 млн-нан 8,3 млн адамға дейін өсті.
Негізгі инвестициялық бағыттар
Terminals Holding алдағы жылдары 153 млрд теңге көлемінде тікелей инвестиция, және 393 млрд теңгеге дейін үшінші тараптардан қосымша қаражат тартуды жоспарлап отыр. Қаражат төмендегі жобаларға бағытталады:
Жаңа 3,5 км ұшу-қону жолағы салынады – бұл әуежайдың өткізу қабілетін едәуір арттырады.
Қолданыстағы Т2 терминалы кеңейтіледі
Aero City жүздеген жаңа жұмыс орындарын ашып, аймақтық экономикалық өсудің драйверіне айналады.
Әуежай мен инфрақұрылымның иесі – Қазақстан мемлекеті
Бюджет қаражаты қолданылмайды
Мемлекет тұрақты салық және басқа кірістер ала береді
Барлық қызметкерлер жұмыс орындарын сақтап қалады, оқыту бағдарламалары қарастырылған