Жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызға жеткен
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірде жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, негізгі өсім көлік тасымалы, сауда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен байланыс салаларында тіркелген.
«Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді», - деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.