Қазақстан бұрынғы деңгейде мұнай өндіруді бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімін қолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

6 маусым күні ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті. Оған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Нұрлан Ноғаев бұл келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етіп, мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін бергенін атап өтті. Кездесу барысында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррель деңгейінде қысқартуды шілде айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.