Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан - Қазақстан қай елдерге астықты көп экспорттайды

Автор: Бақыт Шынар

Жаңа астықтық экспорты 7,6 млн тоннаға жеткен

Фото: istockphoto.com

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, экспорт 58 пайызға өскен.

«Соның ішінде, Өзбекстанға 2,7 млн тонна, Тәжікстанға 1,1 млн тонна, Ауғанстанға 270 мың тонна, Қырғызстанға 181 мың тонна, Иранға 889 мың тонна, Әзербайжанға 569 мың тонна астық экспортталды», - деп хабарлайды АШМ.