Үкімет 2030 жылға дейін Қазақстанда тағы бір маңызды бағдарламаны орындамақ

Автор: Бақыт Шынар

Мемлекет жарты мыңға жуық кәсіпорынға қатысты маңызды шешім қабылдап отыр

Фото: үкімет

2030 жылға дейін үкімет Қазақстанда 475 компанияны не жекешелендіріп, не біріктіріп, не таратып жібермек. Бұл туралы бүгін премьер-министр Олжас Бектенов өткізген Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Олар 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен өзгеріске ұшырайды», - деп хабарлайды үкімет.

Дереккөзге сүйенсек, ол кәсіпорындардың көбі 2025-2026 жылдар аралығында өзгереді.

Тегтер: