Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГазды» қайта құруды тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

«ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» енді  «Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларына айналмақ

Сурет ҚазАқпарат сайтынан алынды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясын қайта құрып, құрамындағы компанияларды бөлек шығару туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Назарбаев бұл ойын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында жария еткен.

«ҚазМұнайГаз» құрамындағы «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниялары ретінде бөлу жолымен қайта құру ұсынысын қолдаймын. Бұл «ҚазМұнайГаздың» басты жұмысына – мұнайды барлау, қазу және қайта өңдеуге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ал көліктік компаниялар транспорттық маршрутты әртараптандыруға жағдай жасайды. Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», -  деді Нұрсұлтан Назарбаев.