Қазақстанда тауар несиесіне қатысты маңызды өзгеріс енетін болды

Автор: Бақыт Шынар

Енді банк сіздің өтінішіңізді 24 сағат қарайды

Фото: freepik.com

Бүгін Мәжіліс қаржы нарығына өзгеріс әкелетін заң жобасын қарап, оны екінші оқылымда мақұлдаған болатын. Бұған дейін жазғанымыздай, осы өзгерістерге сай енді Қазақстанда әскерде жүрген азаматтарға несие берілмейді. Бұдан өзге бұл заң тауар несиесінің нарығына да түзету әкелетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтсақ, алаяқтардың әрекетін тоқтату үшін онлайн түрде кепілсіз тұтынушы несие рәсімдеген кезде өтініш 24 сағат қаралады.

Ал, бірінші рет несие алып тұрған адам микроқаржы ұйымы немесе банкке өзі бару керек.