$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді Қазақстанда әскерде жүрген жігіттерге несие берілмейтін болды

Депутаттар тиісті заң жобасын бүгін екінші оқылымда мақұлдады

Енді Қазақстанда әскерде жүрген жігіттерге несие берілмейтін болды
Фото: freepik.com

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заң несие берудің қазіргі талаптарын күшейтіп, нарыққа біраз өзгеріс ұсынған. Соның бірі әрі маңыздысы – енді әскерде жүрген жігіттерге несие және микронесие берілмейді.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға, сондай-ақ төтенше жағдай енгізу салдарынан зардап шеккендерге қарыздар мен микрокредиттер бойынша кемінде 3 ай мерзімге міндетті түрде кейінге қалдыруды, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 және одан да көп пайызға төмендетуді», - ұсынамыз деді заңның қорытындысын оқыған депутат Татьяна Савельева.

Серіктес жаңалықтары