Биыл шамамен 18,5 млн тонна астық орамыз – Сапархан Омаров

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, 500-600 мың тоннаға аз

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров егін науқанына қатысты болжамын айтты. Министр күзде қанша тонна астық түсетінін дәл айту қиын екенін айтты. Өйткені, егін көлеміне дәннің сапасы, ауа райы және өзге де факторлар әсер етеді.

«Егінге болжам жасасақ, биыл шамамен, 18,5 млн тонна астық аламыз деп жоспарлап отырмыз. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс артты, сондықтан дән егілетін алқаптардың аумағы 22,5 млн гектарға жетті», - деді министр.

Оның орынбасары, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров 18 млн тонна астық аламыз деуге әлі ерте екенін айтты.

«Әрина, қазіргі көрсеткіштер жақсы. Егінді уақытында салдық, сондықтан осындай болжам айтылды. Бірақ ауа райын, егін орылғаннан кейін оны сақтау факторларын ескеру керек», - деді вице-министр.

 Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстан 19,1 млн тонна астық жинаған болатын.