27.03.2025, 14:30
Экономика
Қазақстандағы 227 электр станциядағы жабдықтардың жартысынан көбі тозған
Бүгін премьер-министр энергетиканы дамыту саласына қатысты кеңес өткізді
Фото: үкімет
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өткізді. Кеңеске энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» компанияларының басшылары қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Кеңес барысында белгілі болғандай, Қазақстанда 227 электр стансасы жұмыс істейді екен.
«Станса жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56% жеткен», - деп жазды үкіметтің телеграмм каналы.
Бектенов кеңес соңында Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында заманауи көмір станцияларын іске қосу, Екібастұз қаласындағы заманауи ГРЭС-3 станциясының құрылысын маңызды жобалардың қатарына қосқан.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
