Доллардың 12 ақпандағы ресми бағамы жарияланды
Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 501,31 теңгені құрап, 4,94 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық Банкі долларының 12 ақпандағы ресми бағамын 506,43 теңге етіп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 503,01 теңгеге, сату – 506,94 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 501,42 теңгеден сатып алынады, 507,52 теңгеден сатылады.