$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар бір айда банктерден 400 млрд теңге қарыз алған

Теңгемен алынған кредиттердің орташа пайызы 17% болған

Қазақстандықтар бір айда банктерден 400 млрд теңге қарыз алған
Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының несиесі 20,7 триллион теңгеге жетті. Бір ай бұрын, яғни 2024 жылғы 1 желтоқсанда азаматтардың кредиттері 20,3 трлн теңгені құраған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің елдегі банк секторының 2025 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. Ресми дерекке сүйенсек, халыққа берілген кредиттер 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгеге жеткен. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда (26,7%) бәсеңдеу бар.

«Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық несие 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды. 2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2 пайыздан баяулап, 33,5%-ға немесе 13,8 трлн теңгеге дейін өсті. Желтоқсанда өсім 1,9%-ды құрады», - деп мәлімдеді агенттік.

Желтоқсан айында бизнеске ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,7%, халыққа – 17,0% құрады.

Естеріңізге салайық, осыдан тура бір ай бұрын қазақстандықтардың несиесі 20,3 триллион теңгеге жеткенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары