28.01.2025, 14:17
Экономика
Қосымша құн салығының мөлшері бойынша үкіметтің нақты есебі ақпанның соңына қарай белгілі болады
Осыдан кейін үкімет оны депутаттардың талқылысына салады
Фото: freepik.com
Үкімет қосымша құн салығын нақты неше пайызға дейін жеткізгісі келетінін ақпаан айының 15-20 жұлдыздарына қарай айтады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ең басты айта кететін жайт, біз қосымша құн салығын бизнес қауымдастықпен әлі талқылап біткен жоқпыз. Үкімет 15-20 ақпанға қарай оның нақты пайызын айтады», - деді Жұманғарин журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
