Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін мәлім етті
Үкімет 2025 жылдың ақпанында Сенатта бюджет кодексін қорғайды. Ал маусым айының соңында Парламенттен жаңа салық кодексін алып шығу жоспарда бар. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«6 ақпан күні Сенатта бюджет кодексін қорғаймыз. Ал маусым айының соңында парламенттен жаңа салық кодексімен шығамыз деген үміттемін», - деді Жұманғарин.