06.01.2025, 10:07
Экономика
Орманшы, кітапханашы, тазалықшы: Қазақстанда кімдердің жалақысы 2 есе көбейеді
Жалпы алғанда елімізде 600 мың адамның еңбекақысы артады
Фото: istockphoto.com
Биыл Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттары үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейту бастамасы тоқтамайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды», - деп хабарлайды министрлік.
Бұған дейін біз зейнеткерлердің зейнетақысы қалай көбейетінін жазған едік.
Көп оқылған
07.07.2026, 12:24
«Ақсу мен Екібастұзды үрейде ұстаған»: студенттер мен жұмысшыларды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 17:52
Жетісу облысында кішкентай қыздардың интимді видеоларын таратқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 10:48
Алматылық онкологтар әйелдің ішінен 10 келі ісікті алып тастады (ФОТО)