Биыл Қазақстанда 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Индустрияландыру картасы аясында 160 жоба іске қосылмақ

Биыл Индустрияландыру картасы аясында тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында 1,1 трлн теңге сомаға 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд теңге) және Алматы (230,2 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.
Осыған орай, жобаларды іске қосу 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылады деп жоспарлануда. Мамыр айының соңында 2020 жылғы жобаларды іске асыру барысы туралы барлық өңірлердің есептік тыңдауы өтеді.