$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2020, 12:22
Экономика

Түркістанда түйе асырауға 30 млн теңге беріледі

 Кредит мерзімі – 10 жылға дейін

Түркістанда түйе асырауға 30 млн теңге беріледі

Түркістан өңірі мал шаруашылығын жүргізуге қолайлы аймақ болғандықтан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры  «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында түйе шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл өңірлеріндегі жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, фермерлік қожалықтар мен заңды тұлғаларға қолжетімді несие ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАгро».

Несие соммасы - 30 000 000 тенгеге дейін (жоспарланған қаражат болған жағдайда қаржыландыру жүзеге асырылады);

Кредит мерзімі - 10 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 16,0 %, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18,4 % - дан аспайды;

Негізгі қарыз өтеу бойынша жеңілдік кезеңі - 24 айға дейін;

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі - 12 айға дейін;

Негізгі қарызды өтеу кезеңділігі - ай сайын/тоқсан сайын/жарты жылда 1 рет/жылына 1 рет, кредит беру мерзімі ішінде ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен;

Сыйақыны өтеу мерзімділігі - ай сайын/тоқсан сайын/жарты жылда 1 рет, нақты пайдаланылған кезең үшін кредит беру мерзімі ішінде есептелген сыйақыны өтеу мүмкіндігімен;

Өтеу әдісі - аннуитетті (тең төлемдермен өтеумен)/ сараланған (негізгі қарызды тең үлеспен өтеумен) / икемді кестені ұсыну;

Кепілзат - Жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

Несие алу туралы туындаған сұрақтар бойынша несие бөлімі мамандарына хабарласуға болады. Тел: 8 7252 394 950 (ішкі 129, 119, 117, 123, 121, 105).

Серіктес жаңалықтары