Ұлттық банк екі апта ішінде 1 млрд долларға валюталық интервенция жасаған

Автор: Нұргүл Абай

Соңғы екі күн өте маңызды болды, дейді Сүлейменов

Фото: istockphoto.com

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін он үш күн ішінде 1 миллиард долларға валюталық интервенция жасаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүлейменов валюта нарығындағы жағдайды реттеу үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын растады. 16 қарашадан бері 1 млрд долларға интервенция жасаған.

«Он күнге 1 миллиард доллар кетті. Соңғы екі күн ең маңызды болды», - дейді ол Ұлттық банкте өткен брифингте.

Қазір валюта айырбастау пунктерінде доллар бағамы шарықтап тұр. Кеше доллар 525 теңгеден сатылған болатын.

Тегтер: