21.11.2024, 12:25
Экономика
Тарифтердің бағасын қымбаттату керек – Мәулен Әшімбаев
Сенат спикерінің айтуынша, тарифтердің бағасы бірнеше жылдан бері өспеген
Фото: сенат
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында тарифтердің бағасын қымбаттату қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сенат төрағасы бюджет шығынын бақылауда ұстау өте маңызды дейді.
«Бағаның өсуіне қысым түсіп жатыр. Біз тарифтерді көтеруіміз керек. Қазіргі баға осыған дейінгі кезеңнен қалған. Қанша жыл бойы тарифтер өскен жоқ, осыған байланысты біздің барлық энергетикамыз, тұрғын үй-коммуналдық кешеніміз өте қиын жағдайға түсті. Сондықтан тарифтерді арттыру керек»,- деді Мәулен Әшімбаев.
Ол тариф өсіп, бюджет шығыны көбейгенде пайыздық ставка арқылы инфляцияны ұстау көзделіп отырғанын айтты.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды