$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мен өзім теңгені жақсы көремін, оған сенемін – вице-министр (ВИДЕО)

Девальвация елімізде көптен бері болған жоқ, дейді шенеунік

Мен өзім теңгені жақсы көремін, оған сенемін – вице-министр (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов сенат кулуарында теңгенің құлдырауына ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министр өз сөзін ұлттық валютаның орнықтылығына сенетінінен бастады.

«Мен өзім қазақстандық валютаның үлкен жанкүйерімін. Соңғы жылдары байқалған динамика соның айғағы. Валютамыз орнықты. Әрине, оған әртүрлі факторлар әсер етеді. Басқа валюталар сияқты ол елдің экспорт-импортына тәуелді, соған сәйкес бағам өзгеруі мүмкін. Алайда жалпы алғанда сіздер валютаның тұрақтылығын көріп отырсыздар, ұлттық валютадағы депозиттердің кірістілігі шетелдік валютаға қарағанда әлдеқайда көп. Сол себепті өз басым ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін», - деді Қасенов журналистердің сұрағына жауап беріп.

Ол соңғы үш жылда әртүрлі сарапшылардың теңгенің құлдырауына қатысты болжамы бірде бір рет дөп келмегенін атап өтті.

«Шын мәнінде біздің елімізде деальвация көптен бері болған жоқ, себебі теңгенің девальвациясы үшін іргелі айқын негіздер болуға тиіс. Ал қазір мұндай жоқ. Биыл экспортымыз былтырғыға қарағанда әжептәуір жоғары. Импорт азайды. Сауда балансымыз оң. Сол себепті дәл қазір девальвацияға ешқандай негіз жоқ», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары