Жұманғарин арпа мен бидайдың бағасына қатысты шұғыл жиналыс өткізді

Azattyq Rýhy

Ол Азық-түлік корпорациясына келесі аптада форвардтық сатып алу бағасын жариялауды тапсырды

Жұманғарин арпа мен бидайдың бағасына қатысты шұғыл жиналыс өткізді
Фото: үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штабтың отырысында егін жинау науқанының барысы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметіне сүйенсек, ауа райы қолайлы болған соң диқандар 27 қыркүйекке дейін егін алқабының 75% немесе 13 млн гектар жердегі астықты бастыррып алған.

«Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Астықты кептіру үшін арзан дизель, сұйытылған газ жеткізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ жедел штаб отырысында 4 сортты арпа мен бидайдың бағасы қаралды», - деп хабарлайды үкімет.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, диқандар 20 млн тонна астық бастырып үлгерген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.