30.09.2024, 12:12
Экономика
Қазақстанның диқандары 20 миллион тонна астық бастырды
Осы уақытқа дейін 10,7 млн гектар жерде бидай орылған
Фото: ortcom.kz/
Қазақстанның диқандары әр гектардан 14,8 центнер өнім жинай отырып 20 млн тоннадан астам астық бастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, күзгі орақ кезінде 150 мыңға жуық трактор мен 36 мыңнан астам комбайн егін орған.
«Жалпы алғанда, 10,7 млн гектар жерден 15,2 млн тонна бидай, 1,9 млн гектардан 3,3 млн тонна арпа, бастырылды, 158,2 мың гектар жерден 250 мың тонна сұлы жиналды», - деп жазады АШМ.
Айта кетейік, биыл шаруаларға көктемгі және күзгі егін науқаны үшін жеңілдікпен 580 млрд теңге қаржы бөлінген.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды