Республиканың 20 қаласында мыңға жуық базалық станция орнатылған
Еуразиялық одаққа мүше елдердің арасында Қазақстан ғана заманауи 5G желісін алғашқы болып іске қосып, белсенді дамытып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Finprom.kz ақпаратынша, бесінші буындағы желі әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді. Байланыс операторлары жаңа технологияға әжептәуір қаржы құйып жатыр. Былтыр 5G қосылу саны бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан асқан.
Заманауи желіні кеңінен енгізіп жатқан елдердің арасында Қазақстан да бар. Бүгінде еліміздің жиырма қаласында 1 мың базалық станция орнатылған.
«Алайда көршілес мемлекеттерде жағдай мүлде басқаша, әсіресе бұл ЕАЭО-ға мүше елдерде қатты байқалады», - деп жазады Finprom.kz.
Мәселен, Ресейде бесінші буындағы желі коммерциялық эксплуатацияға әлі күнге дейін ауқымды түрде енгізілмеген. Жағдайды бірден бірнеше фактор қиындатып отырған көрінеді: 5G жабдығын шығаратын батыс өндірушілері елден кетіп қалған; мұнараларды орнатумен, жиіліктермен байланысты проблемалар бар; отандық телеком-нарық 4G-ға арналған инфрақұрылымды қолдайды.
Десе де Ресейдің цифрлық даму министрлігі ұялы байланысты дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспарын әзірлеген. Бұл жоспарға сәйкес:
Ал Қырғызстанда 5G желісін енгізу әлі үкіметтің жоспарында ғана, әзірлену сатысында. Алайда 2022 жылғы тамызда елдің Цифрлық даму министрлігі дайындық жұмыстары жүргізілгенін және перспективті жиілік жолақтары босатылғанын мәлімдеген еді. Жетекші ұялы байланыс операторлары 5G желісін сынап көрген. Жылдамдығы 1,5 Гбит/с деңгейінде болған. Бұл Қырғызстандағы қазіргі 4G желісінен он есе жылдам, дейді Finprom.kz.
ЕАЭО-ның тағы бір қатысушысы – Беларусьте 5G желісін енгізу туралы әңгіменің жүріп жатқанына бес жылдан асты, бірақ нақты нәтиже әлі жоқ.
Арменияда да бесінші буын желісі коммерциялық эксплутацияға енгізілмеген.
«Осылайша ЕАЭС-ға мүше барлық елдің арасында Қазақстан – 5G желісін іске қосып қана қоймай, бүкіл ел аумағында белсенді енгізіп жатқан жалғыз мемлекет. Қазір бесінші буын желісі Қазақстанның 20-ға жуық ірі қаласын қамтып отыр», - деп хабарлады Finprom.kz.