Қазақстанның ураны АЭС-ты алпыс-сексен жыл бойы қамтамасыз етуге жете ме

Елімізде уранның барланған қоры 800 мың тоннаны құрайды

Қазақстанның ураны АЭС-ты алпыс-сексен жыл бойы қамтамасыз етуге жете ме
Фото: freepik.com

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев Қазақстандағы уран атом электр станциясын алдағы жүз жылда қамтамасыз етуге жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада «ҚазАтомЭкспо» халықаралық көрмесінің екінші күні басталды. «Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуы: қазіргі жағдайы, жаһандық сын-қатер мен перспективалары» атты пленарлық сессияда «Қазатомөнеркәсіп» өкіліне елдегі уранның қоры туралы сұрақ қойылды.

«Жалпы атом электр станциясы кем дегенде алпыс жыл пайдаланылады. Бұл оның жобалық пайдалану мерзімі. Оны пайдалану мерзімін сексен, тіпті жүз жылға дейін созу мүмкіндігі бар. Кейбір елдер, мысалы АҚШ АЭС-ты пайдалану мерзімін сексен жылға дейін созды. Осы орайда менің мынадай сұрағым бар: атом электр станциясын алдағы жүз жылға қамтамасыз ету үшін өз уранымыз жете ме?», - деген сауал тастады модератор.

Дастан Көшербаевтың айтуынша, Қазақстандағы уран қоры жеткілікті.

«Әрине, жетеді. Қазақстан әлемде уранның барланғаны қоры Австралиядан кейін екінші орында. Бізде шамамен 800 мың тонна уран бар, бұл тек барланғаны. Әрине осы бағыттағы әлеуетіміз зор. Компания бұл мәселеге ден қояды және шикізаттық базамызды ұлғайтуға басымдық береді», деді бас директор.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.