$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2020, 12:35
Экономика

Қазақстада пандемия кезінде құрылыс саласын қолдауға 35 млрд теңге бөлінді

Ол қаражатқа әкімдіктер жеке компаниялардан пәтер сатып алады

Қазақстада пандемия кезінде құрылыс саласын қолдауға 35 млрд теңге бөлінді

Еліміздің құрылыс секторында коронавирустық пандемияға байланысты тұралауға жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елімізде құрылыс саласын қолдауға бағытталған бірқатар нақты шаралар қарастырылған. Оның ішінде әкімдіктерге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта биыл 4 мыңнан астам пәтер сатып алу үшін 35 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Бұл ретте республикалық бюджеттен қаражат шектеулер бойынша бөлінеді (1 шаршы метр үшін - 140-180 мың теңге). Әкімдіктер тұрғын үйлерді сатып алу кезінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыра алады»,- делінген министрлік таратқан хабарламада.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 14 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары