Доллар бүгін неше теңгеден саудаланып жатыр

Автор: Молдатай Сымбат

Ұлттық банктің 21 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 476,81 теңге

Фото: istockphoto.com

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,78 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 477, 80 теңге. Ал Ресей валютасы 5,11-5,31 аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.

Ұлттық банктің 21 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 476,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,21 теңге.