Ұлттық банктің 2 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,71 теңге
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472-477 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 474,5-475,8 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 2 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,54 теңге.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,31-5,52 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, шілдеде теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 474,15 теңгеге дейін, яғни, 0,5%-ға әлсіреді.