Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 58 теңге
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475,1-477,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 474-479 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5, 44 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27-5,39 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,4 теңгеден сатылуда.