Қазақстаннан автоцистернамен бензин алып шығуға алты ай шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті
Айта кетейік, Қазақстан жазда Ресейге дизель отынын тасымалдауға шектеу енгізген. Енді бұл шектеу бензинге де қатысты болмақ.
«Бүгін Әділет министрлігі үшжақты құжатты, атап айтсақ, Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Кірістер комитетінің бірлесе қол қойған құжатын тіркеді. Құжат – бензин мен жалпы мұнай өнімдерін елден сыртқа шығару мөлшерін шектеу туралы. Енді бензинді автоцистернмен Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға алты ай шектеу қойылады. Екіншіден, транзитті үлкен жол көліктері зауыттан шыққан багынан басқаға бензин құйып кете алмайды. Өйткені, еліміз арқылы транзитпен өтетін автобусардың өзі тонналап бензин тасыған. Шекарадан өтіп бара жатып, 20 литрлік ыдысқа құйып алса, мархабат, біз өркениетті елміз, ондайды түсінеміз. Бірақ, тонналапр құйып алуға рұқсат жоқ», - дейді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, шекаралас елдерден қатынайтын жүк көліктері Қазақстанның жанамай бекеттерінде сұйық отында тонналап құйып жатқаны туралы деректер жиі кезеседі.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан