Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы - 1 долларға 474,26 теңге
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,80 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 475,03 теңге.
Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы - 1 долларға 474,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 476,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы - 474 теңге, сатып алу құны - 478 теңге.
Ресей рублі 5,33-5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.