Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 48 теңге
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477,3 - 479,5 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал, Астанада доллар бағамы 476 - 481 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 48 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 47 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,37 - 5,47 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,3 -5,5 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,49 теңгеге төмендеп, 478,20 теңге болған.