Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 480,77 теңге 

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,94 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 480,77 теңге.

Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 476,27 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 479,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 481,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 483 теңге.

Ресей рублі 5,33 — 5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр