$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тағы 11 жол учаскесінде жүргізушілерден ақы алынады

Былтыр ақылы жолдардан 30 млрд теңге жиналған

Тағы 11 жол учаскесінде жүргізушілерден ақы алынады
Фото: ҚазАвтожол

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында тағы қандай автожолдарда ақы алу жүйесі пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстау күрделі мәселе болып отыр. Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Сондықтан бюджетке артық салмақ түсірмеу мақсатында ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасады.

«Бүгінгі күні ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 3 мың 2 жүз шақырымды құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналды. Ол қаражат жолды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалды. Реконструкциялаудан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау мақсатында осы жылы 2 мың шақырымнан астам 11 учаскеге кезең кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарланып отыр», - деді Қарабаев.

Атап айтқанда, Қызылорда-Арал; Ақтөбе-Орынбор; Қостанай-Тройцк; Қостанай-Денисовка; Ақтау-Бейнеу; Қандыағаш-Мақат; Балқаш-Бурылбайтал; Бурылбайтал-Шу; Үшарал-Достық; Қарағанды қаласын айналма жолы; Тараз қаласын айналма жолында ақы алу жүйесі енгізіледі.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі басқа елдермен, мысалы Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польшамен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Осыған байланысты күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға өсіру мәселесі пысықталып жатыр.

Жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылады. Негізгі жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік автокөліктерге бағытталады, деді Қарабаев.

Серіктес жаңалықтары