Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 475,39 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,69 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 475,39 теңге.
Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 472, 57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 474,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 476,3 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 471 теңге, сатып алу құны — 476 теңге.