Бағдарлама өнім өткізетін нарықтарды іздестіруге қолдау көрсетеді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстанда экспортқа негізделген кәсіпорындарға қолдау көрсететін арнайы бағдарлама іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Сауда министрлігі экспортқа сауда жасағысы келетін кәсіпорындарды қолдауға бағытталған QAZTRADE акселератор арнайы бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама өнім өткізетін нарықтарды, тауарды сатып алушыларды іздестіруге, сондай-ақ келісімшарттарды бекітуге қолдау көрсетеді», - деді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, мұндай көмек ақысыз негізде жүргізіледі.