Ұлттық банктің 26 маусым ресми бағамы – 1 долларға 467,29 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 464 - 469 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 26 маусым ресми бағамы – 1 долларға 467,29 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,35 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 469 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 466,3 - 468,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11 - 5,31 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 25 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге қымбаттап, 467,21 теңге болған.