Ұлттық банктің 25 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 465,28 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462-467 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 25 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 465,28 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,33 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 — 467 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 464,7 — 467,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 — 5,35 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 24 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге қымбаттап, 465,52 теңге болған.