Ұлттық банктің 24 маусым ресми бағамы – 1 долларға 464,72 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 462-467 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 24 маусым ресми бағамы – 1 долларға 464,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 467 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 464,5 - 467,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.