Қазақстан жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеге зейнетақы төлеген

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады

Фото: gov.kz

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл қаражаттың ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 61,8 млрд теңге жұмсалған.

«2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 383  мың адам. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге», - деп еске салды Еңбек министрлігі.