Мемлекет қарызы 27 трлн теңгеден асты: Смайылов ел экономикасына қауіп жоғын айтты

Azattyq Rýhy

Мемлекет борышы жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын құрайды

Мемлекет қарызы 27 трлн теңгеден асты: Смайылов ел экономикасына қауіп жоғын айтты
Фото: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанның мемлекеттік қарызына қатысты ел экономикасына қауіп жоғын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы қарыз алу немесе борыштың болуы экономикаға қауіп төндірмейді. Әлемде бар практика. Мәселен, ірі инфрақұрылымдық немесе әлеуметтік жобаны шұғыл іске асыру керек болса, қарыз алынады. Қазір мемлекет борышының деңгейі – 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 22,8%-ына тең. Сондай-ақ мемлекет белгілеген лимит – 32%. Басқа дамыған елдерді қарайық. Мысалы, дамыған көп елде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ден 60%-дан жоғары», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

БАҚ өкілдерінің бірі Әлихан Смайыловтан «Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге дедіңіз. Бұл Қазақстан экономикасына қауіп төндірмей ме?» деп сұрағын нақтылады.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.