Брендке айналған «Қазақстан» шоколадын шетелдік компания өндіретін болып шықты

Аягөз Құрмаш

Оңтүстік кореялық компания «Рахат» акцияларын 2015 жылы сатып алған

Брендке айналған «Қазақстан» шоколадын шетелдік компания өндіретін болып шықты
Фото: Azattyq Ruhy

Еліміздің имиджін танытып жүрген, Қазақстанның брендіне айналған, көк Тудың түсімен бірдей «Қазақстан» шоколадын шетелдік компания өндіретін болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Tiktok әлеуметтік желісінде Сергей Гончаров есімді азамат жариялаған.

«Қазақстан» шоколадының Қазақстанға қатысы жоқ екені және өзге ел оны сатып, табыс тауып жатқаны қынжылтады», - дейді ол.

Алматыда орналасқан «Лотте Рахат» фабрикасының тарихы бай. 1942 жылы негізі қаланған ол Алматы ликер зауыты мен «Бабаев атындағы» және «Рот Фронт» Мәскеу кондитерлік фабрикаларының цехтары негізінде пайда болған. Отандық «Рахат» акционерлік қоғамы 1992 жылы қайта жасақталып, тауарлық маркасын енгізді.

Бүгінде зауыт өз жұмысын жалғастырып жатыр, бірақ меншік құрылымында маңызды өзгеріс бар.

2015 жылдан бастап «Лотте Рахат» АҚ акцияларының 92,44%-ын Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery трансұлттық компаниясы сатып алған. Бұл оқиға қазақстандық шоколад өндірісі тарихындағы маңызды кезең болды, жаңа компания жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибе әкелді. Осылайша, «Қазақстан» шоколадының тауарлық белгісінде де өндіруші ретінде “Лотте Рахат" компаниясы көрсетілген. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.